Бөлім туралы
Жаңалықтар
Мемлекеттік сатып алулар
Қазақстан Республикасы
Бөлім жұмысының есебі
Нормативтік құқықтық актілер
Қатынас
Сайт картасы
Сурет галереясы
Мемлекеттік қызметкердің имиджі
Тұрғындармен жұмыс істеу
Кадрлық қамтамасыз ету
Жем қоррлыққа қарсы күрес
Өзіңнен баста

 


 
Подписка на рассылку новостей
 
 
 

ГлавнаяБөлім туралыАуыл шаруашылығы басқармасының өкілеттігін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі

Ауыл шаруашылығы басқармасыны...




Қарағанды облысы әкімдігінің
2010 жылғы «     » __________
№ _____ қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қарағанды облысы әкімдігінің
2008 жылғы 29 сәуірдегі № 11/09
қаулысына қосымша
«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.    «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) агроөнеркәсіп кешенінің саласында мемлекеттік басқаруды орындауға өкілетті, Қарағанды облысының агроөнеркәсіп кешенінің жүйесіндегі біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың орындаушы органы болып табылады.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, және де осы Ережені басшылыққа алады.
2.    Басқарма мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушы-құқықтық түрінде заңды тұлға болып табылады, ағымдағы есепшоты, дербес балансы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесімен дөңгелек мөрі, мөртаңбасы, мемлекеттік тілдегі өз атауы белгіленген фирмалық бланкілері бар.
Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Басқарма заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық тарабы болып шығуға құқығы бар.
3.    Басқарманың Ережесі мен құрылымы облыс әкімдігімен бекітіледі. 
Басқарманың штаттық шекті саны облыс әкімімен бекітіледі. 
4.    Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 100008, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Лобода көшесі, 20   
5.    Басқарманың толық атауы:
мемлекеттік тілде — «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ;
орыс тілінде - ГУ «Управление сельского хозяйства Карагандинской области».
6.    Басқарманың құрылтайшысы облыс әкімдігі түріндегі мемлекет болады. Басқарманың құрылтайлық құжаттары оның құрылуы мен осы ережесі туралы әкімдіктің қаулысы болып табылады.
7.    Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
Басқармаға оның қызметтері болып табылатын міндеттерін орындауға кәсіпорындар субъектілерімен келісім-шарттық қатынасқа енуге тыйым салынады. Егер, Басқармаға табыс әкелетін қызметін жүзеге асыру құқығы заңды актілермен берілген болса, онда сондай қызметтен алынған табыстар облыстық бюджетке жіберіледі.
 2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
8.    Басқарманың негізгі міндеттері:
1)    бір тұтас мемлекеттік аграрлық саясаттың шараларын жасау және жүзеге асыру;
2)    агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру, бәсекеге қабілетті және тұрақты агроөнеркәсіптік өндірісті дамыту;
3)    ауыл шаруашылық өнімдерінің, шикізат және азық-түліктің дамыған нарығын қалыптастыру;
4)    агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шараларын  оңтайландыру;
5)    агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің қаржылық тұрақтылығын арттыру және ауыл тұрғындары табысының өсуіне жағдай жасау.
9.    Басқарма мемлекеттік аграрлық азық-түлік саясатын қалыптастыру саласында заңмен белгіленген тәртіппен келесі стратегиялық функцияаларды жүзеге асырады:
1)    агроөнеркәсіп кешені саласында мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру жолымен агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың шараларын оңтайландыру;
2)    аграрлық секторды дамыту тұжырымдамаларын жүзеге асыру, болжау беталысын талдау және оның келешегін анықтау;
3)    маркетингтік зерттеулерге және ауыл шаруашылық шикізат, қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтарының конъюнктурасы туралы нарық ақпараттарына қатысу;
4)    облыстың азық-түлік қорын қалыптастыруға көмек жасау жолымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар жасау және олардың тиімді пайдалануына бақылау жасау;
5)    Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігіне, әкімге және жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кезеңдік және жеделдетілген ақпарат беріп отыру.
10.    Басқарма   аймақтық    аграрлық    азық-түлік    саясатын қалыптастыру саласында заңмен белгіленген тәртіппен келесі стратегиялық  функцияларды жүзеге асырады:
1)    бар өндірістік әлеуетті тиімді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыру және облысты өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етудің бағдарламаларын және кеңестерін жасау;
2)    осы мәселелерге құзыретті құрылымдармен байланыс жасау және ақпараттық алмасу жолымен агроөнеркәсіп кешенін ақпаратпен қамтамасыз етуге, нарық инфрақұрылымының, сервистік материалды-техникалық желісімен қамтамасыз  етуге және қызмет көрсетудің қалыптасуына көмек жасау, ауыл шаруашылық құрылымдарын керекті ақпаратпен қамтамасыз ету;
3)    агроөнеркәсіп кешені саласындағы аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру жолымен бәсеке қабілеттілігі мен кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті, және де агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметін дамыту;
4)    әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жасауға, жерлерде шаруашылықтың әр түрлі нысандарының тиімді жұмыс істеуіне, жер құнарлығын сақтау және арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға, оларды тиімді пайдалануға көмек көрсету;
5)    жерлерді тиімді пайдалануды арттыру бойынша шараларды жасауға және жүзеге асыруға көмек жасау, егістік алқабының құрылымын жетілдіру, облыстың өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық аудандарында суды пайдалану жоспарларын дайындауға қатысу;
6)    ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының тұқым шаруашылығы, сорттарды сынау бөлімдері бойынша шаралардың жоспарларын жасау;
7)    ғылыми-зерттеу мекемелерімен біріге отырып егін шаруашылығының ғылыми-негізделген жүйесін жасау және игеру;
8)    әдістемелік   кеңестерді   жасау   жолымен   өндіріс   саласын қарқындандыру   бойынша   шараларды   жүзеге   асыру   және   ауыл шаруашылық    дәнді-дақылдарын    өсіру    технологиясын    жетілдіру, прогрессивтік технологияларды және озық тәжірибелерді енгізу бойынша үйретуші семинарлар өткізу;
9)    облыс әкімімен бекітілетін көктемгі-егіс және егін ору жұмыстарын өткізу балансының жылдағы дайындығы;
10)    көктемгі-егіс және егін ору жұмыстарын өткізу кезінде әкімге және жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына күнделікті ақпарат беру;
11)    шаруашылықтың барлық нысандарындағы ауыл шаруашылық құлымдарын тұқым шаруашылықтарымен біріге отырып дәнді-дақылдар материалдарының элиталық және жоғары өнімді түқымдармен қамтамасыз ету;
12)    Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің аумақтық басқармасымен өсімдіктер карантині мен қорғау, улы дәрілеуіштердің қоймаларын, қорымдарын салып, ұстау және қажетті жағдайда сақтау бойынша әрекеттестігі;
13)    мелиорациялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар жоспарын жасау және суарылатын жерлерді тиімді пайдалануға бақылау жасау;
14)    шаруашылықтың барлық меншік түрлерінің минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктердің химиялық қорғау құралдарын тиімді пайдалануына бақылау жасау;
15)    шаруашылықтың барлық меншік түрлеріне мал басын, құс басын өсіру, ұстау бойынша, сүт, ет, жүн және басқа да мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс технологиясын сақтау бойынша кеңестер жасау және әдіскерлік көмек көрсету;
16)    ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру және сақтаудың жаңартылған технологияларын жасау және өндіріске енгізу;
17)    асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және сақтау бойынша облыстық (аймақтық) бағдарламаларды жасау;
18)    ауыл шаруашылығы құрылымдарының барлық меншік түрлерінде мал басының және құстың өзгеру динамикасы бойынша ай сайын жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына ақпарат беріп тұру;
19)    малдардың асыл тұқымдық және өнімділік сапасын жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға көмек жасау;
20)    өнеркәсіптік негізде жұмыс істеп жатқан акционерлік
қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктердің жұмыс тәжірибесін зерделеу
және енгізу;   
21)    бәсекеге қабілетті өндірістердің дамуына, олардың жетілуіне және менеджмент сапасының халықаралық жүйесіне көшуіне консультативтік көмек көрсету;
22)    кластерлердің дамуы бойынша ұсыныстар жасау;
23)    ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеу бойынша кіші-цехтардың жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату;
24)    Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігіне және жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына, агроөнеркәсіп кешені саласындағы облыстың қайта өндеуші кәсіпорындарының өндірістік-қаржылық қызметі туралы ай сайын ақпарат беріп тұру;
25)    ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді сервистік қызмет пункттерімен, техникалық, энергетикалық қамтамасыз ету жұмыстарын, машина-техникалық станцияларды ашу, мелиорациялау және химиялау облысындағы жұмыстардың шаралар жоспарын жасау;
26)    ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін табиғат апаттарынан, төтенше жағдайлардан сақтандыруға бағытталған, ауыл шаруашылық құрылымдарында еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі бойынша шараларды жүзеге асыруға көмек жасау;
27)    машина-тракторлық парктерін жөндеу бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру, техниканың қосалқы бөлшектері мен жабдықтарға өтінімдерді дайындауға, оларды Қазақстан Республикасы және облыс кәсіпорындарында дайындауға тапсырыстарды орналастыруға көмек жасау;
28)    ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне суды жеткізу бойынша қызметтің құнын субсидиялау бойынша шараларды іске асыру;
29)    суды пайдаланатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арасында шек қоюды бөлу;
30)    малдарды асылдандыру саласында субъектілерді аттестациялап, аттестат беру;
31)    Қазақстан Республикасының малдарды асылдандыру туралы заңдылықтары бұзылған жағдайларды аттестация қызметін тоқтату, қайта бұзу жағдайы қайталанса, сотқа аттестациядан айыру жөнінде өтініш беру;
32)    асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізімін жасау және жүргізу;
33)    бюджеттік қаражаттардың есебінен жүзеге асырылатын, асылдандыру өнімінің әр бір түрін субсидиялауды жүзеге асыру;
34)    қолданыстағы заңдарға сәйкес, ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру бойынша шараларды өткізуге көмек көрсету,
35)    белгіленген мақсатқа бюджетте қарастырылған қаражаттардың шегінде асыл тұқымды мал саласындағы әрбір субъектіге қатысты және әрбір түрі бойынша субсидиялауға жататын асыл тұқымды өнімге (материалға) жыл сайынғы квотаны анықтау;
36)    жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды пайдалану тиімділігіне ынталандыру мақсатында бағалау мәліметтерін жинақтап, мүдделі адамдарға ақпарат беру;
37)    асыл тұқымды малдардың тектік қорын, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдарды сақтауға және қайта өндіруге бағытталған шараларды субсидиялау;
38)    асыл тұқымды өнімді, асыл тұқымды құндылықты анықтау және малды өз төлінен өндіру қызметін көрсету бойынша заңды және жеке тұлғаларға асылдандыру зауыты, асылдандыру шаруашылық, асылдандыру орталығы, дистрибьютерлік орталығы мәртебесін беру;
39)    асыл тұқымды малдардың тектік қорын сақтау және қайта өндіру бойынша есепті жинауды жүзеге асыру;
40)    карантиндік объектілердің таралу есебін жүргізу және өкілетті органдарға ақпарат беру;
41)    карантиндік аймақтың темір жол станцияларында, өзен және көл порттарында, аэропорттарда (автостанцияларда), базарларда, пошта байланысы ұйымдарында және басқа да объектілерде, осы объектілердің иелері, заңды және жеке тұлғалардың, және де мемлекеттік басқару органдарының қатысуымен карантиндік шараларды өткізу;
42)    денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
43)    облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік                    ветери¬нариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер дайындау;
44)    осы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы¬ның ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер дайындау;
45)    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау;
46)    уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
47)    уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
48)    тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында вете¬ринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жө¬ніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
49)    ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының про¬филактикасына арналған ветеринариялық препарат¬тарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
50)    профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлеу және оны уәкілетті органға табыс ету;
51)    ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және оларды тасымалдау (жеткізу);
52)    ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізуді ұйымдастыру;
53)    ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды Қазақстан Республика¬сының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға табыс ету;
54)    ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы ережені бекіту;
55)    жануарлардың энзоотиялық ауруларының про¬филактикасы мен диагностикасына арналған ветери¬нариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
56)    Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилакти¬касы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
57)    жануарға арналған ветеринариялық паспортты беру;
58)    ветеринария мәселелері бойынша халықтың ара¬сын¬да ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу кіреді;
59)    селекция және тұқым шаруашылығын, дәнді-дақылдарды жетілдіру технологиясын, топырақ құнарлылығын сақтау және дамыту бойынша бағдарламаларды іске асыру;
60)    астықты сақтау қызметін лицензиялау;
61)    өкілетті органмен бекітілген ережелерге сәйкес астық рыногының мониторингін өткізу;
62)    астық (тұқым) сапасының техникалық жағдайларын, стандарттарын жақсарту бойынша ұсыныстарды, басқа да нормативтік құжаттарды енгізу;
63)    нарықтық жағдаятты және табиғи климатты есепке ала отырып, астық өндірісінің құрылымын оңтайландыру;
64)    астықты өндіру және сақтау бойынша жаңа технологияларды енгізу;
65)    астық қолхаттарын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау;
66)    бюджеттік бағдарламаларға сәйкес тұқымдарды дәрілеуіштердің және гербицидтердің, минералдық тыңайтқыштардың құнын отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатып беру;
67)    ішкі нарық қажеттілігін жанар-жағар майлармен уақытында қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қолдану;
68)    астық өндірушілерге сертификациялық қызметті көрсету бойынша бәсекеге қабілетті ортаны ашу шараларын ұйымдастыру;
69)    нан қабылдау кәсіпорындарына бақылау жүргізу, оның ішінде:
нан қабылдау кәсіпорындарының жаңа астықты қабылдауға дайындығы бойынша нан қабылдау пункттерін бекітілген кестеге сәйкес лицензиялық жыл сайынғы тексеру;
нан қабылдау кәсіпорындарының тексеру актілерін ресімдеу;
70)    «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына келісті жекелеген операцияларды жүзеге асыру және астықты сақтау бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қызметін алты айлық мерзімге тоқтату;
71)    санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және мемлекеттік экологиялық органдардың келісімі бойынша улы заттарды залалсыздандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
72)    өсімдіктерді қорғау саласында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, зиянды организмдер жайында фитосанитариялық мониторинг өткізу бойынша заңды және жеке тұлғаларға көмек көрсету;
73)    фитосанитарлық шаралар және өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативті-құқықтық актілер туралы мүдделі адамдарға ақпарат ұсынуды ұйымдастыру;
74)    арнайы мал қорымдарын, қоймаларды салу және қажетті жағдайда сақтау;
75)    пестицидтерді (улы заттарды) пайдалану, іске асыру және шығару бойынша қызметті лицензиялау;
76)    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұқым шаруашылығы бойынша жұмыстарды жүргізуге өкілетті органға көмек көрсету;
77)    жергілікті атқарушы органдарға тұқым шаруашылығын дамытудың қажетті бағдарламаларын бекітуге дайындайды және ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етеді;
78)    өкілетті органға қарастыруға элиталық-тұқымдық шаруашылықтардың элиталық тұқымды өндіру және өткізу көлемдері туралы ұсыныстарды дайындайды;
79)    тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестациядан өткізеді және сәйкестендіру аттестациясын береді;
80)    тұқым өндіруші, сақтаушы және дайындаушы шаруашылықтар арасында бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымды дайындау және өткізу квоталарын бөлу;
81)    облыс бойынша (республикалық маңыздағы қалаға, астанаға) тұқым балансын жасайды; 
82)    ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының тұқым шаруашылығы бойынша қажетті ақпаратты ауыл шаруашылығы саласындағы өкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді;
83)    өз өкілеттілігінің шегінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен сақтандырушы және ауыспалы тұқым қорын жасауға ықпал жасайды;
84)    тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламаларын жүзеге асырады;
85)    Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген, селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік реестріне енгізілген, жоғары сортты тұқымдармен шаруашылық субъектілерін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады;
86)    шаруашылық субъектілерін жоғары сортты тұқыммен қамтамасыз ету және өндірумен байланысты мәселелер бойынша барлық тұқым шаруашылығы буындарының қызметін үйлестіреді және ұйымдастырады;
87)    бірінші, элиталық тұқым өндіру, сақтау және дайындау жұмыстарын жүргізудің және ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымын көбейту туралы жұмыстардың схемалары және тәсілдері туралы ұсыныстар енгізеді;
88)    техникалық реттеу саласындағы өкілетті органға мемлекеттік стандартарды, тұқым шаруашылығы бойынша нұсқауларды және басқа да нормативтік актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
11.    Басқарма агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің қаржылық орнықтылығын тұрақтандыру және ауыл тұрғындары табысының өсуіне жағдай жасау саласында заңмен белгіленген тәртіппен келесі стратегиялық функцияларды жүзеге асырады:
1)    жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына осы мәселелер бойынша ай сайын ақпарат бере отырып, ауылдық кредиттік серіктестіктерді ұйымдастыру мәселелерінде агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілеріне көмек көрсету;
2)    ауыл шаруашылық ұйымдары қатынасындағы банкроттық туралы зандарды жүзеге асыруды және дәрменсіздіктің алдын-алу бойынша облыстағы мемлекеттік саясатқа бақылау жасауды қамтамасыз ету;
3)    ауыл шаруашылық ұйымдары қатынасындағы соттан тыс жою рәсімдері және банкрот рәсімдері кезіндегі кредиторлар комитетінің жұмысына қатысу және бюджетке міндетті төлем бойынша мемлекет мүддесін қамтамасыз ету;
4)    әдейі немесе жалған банкроттық белгілерді айқындау мақсатында қаржылық-экономикалық жағдайдың талдауы және мониторингі, ауыл шаруашылық ұйымдарын ақтау және жою қалыптары мен әдістері бойынша ұсыныстар жасау, дәулетсіз және төлеуге шамасы келмейтін ауыл шаруашылық ұйымдарын жою бойынша соттан тыс рәсімдерін бастау, және де облыс бойынша төлеуге шамасы келмейтін дәулетсіз ауыл шаруашылық құрылымдары туралы ақпарат жинау және тоқсан сайын жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына ақпарат беріп тұру;
5)    ақтау рәсімдерін  қаржыландыру  үшін  инвесторларды  тарту бойынша шаралар ұйымдастыру;
6)    бюджеттен тыс қаражат көздерінен инвестицияларды тарту мақсатында, агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлары әрекеттестігі шараларының жоспарын жасау;
7)    кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар жүйесін жасауға керекті консультативтік көмек көрсету, ауыл шаруашылығын қаржылық демеу қорының, лизингтік қордың қаражаттарын тиімді пайдалануға жәрдем жасау;
8)    агроөнеркәсіп секторларында инвестицияларды пайдаланудың басым бағыттарын анықтау;
9)    заңмен белгіленген тәртіппен бюджеттік кредиттеуді жүзеге асыру жолымен агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің өндіріс көлемін өсіру және қаржылық тұрақтылығын арттыру;
10)    жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына облыстың агроөнеркәсіптік кешеніне бюджеттік инвестицияларды салудың тиімділігі туралы тоқсан сайын ақпарат беріп тұру;
11)    заңға қайшы келмейтін басқа да функцияларды жүзеге асыру.
12.    Жүктелген мақсаттары мен қызметтеріне сәйкес Басқарманың келесі құқықтары бар:
1)    өз құзыреті бойынша орындауға міндетті бұйрықтар қабылдау;
2)    өз құзыретінің шегінде облыс әкімінің және жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмалары бойынша шаралар жоспарларын жасау;
3)    Басқарманың және саланың жұмысын жақсарту бойынша облыс әкіміне және жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына ұсыныстар жасау;
4)    өз құзыретінің шегінде және өкілеттілігінде мүлікпен, мемлекеттің меншігіндегі және оған жергілікті атқарушы органның атынан ұстауға берілген акциялар пакеттерімен және үлестерімен сеніп басқару;
5)    шаруашылық субъектілерін реттейтін заң шығарушылық атқару бойынша әдістік көмекті жүзеге асыру;
6)    аудандық (қалалық) бөлімдерінің ауыл шаруашылығы саласының жұмысына көмектесу;
7)    істейтін заңдарға сәйкес өз құзыреті шегінде қоғамдық бірлестіктері, көтерме базарларды және несиелік серіктестіктерді жасау сұрақтарын шешу;
8)    Басқармаға міндеттелген құзыреттерді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді мемлекеттік органдардан алу, және де Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарға жеделдетілген ақпарат жіберу (кызметтік пайдалану үшін аналитикалық ақпарат жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарының келісімімен беріледі);
9)    орындарында және өтініштер берген жағдайларда шаруа (фермерлік) қожалықтармен басқада ауыл шаруашылық түрлеріне қажетті әдістемелік, ұйымдастырушылық, экономикалық және зандық көмек көрсету;
10)    белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтарға байланысты семинарлар, кеңес, отырыстарды жинау;
11)    Басқармаға аудан және қала әкімдеріне әдіскерлік кеңес, ақыл-кеңес жасау, жалпы акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер қолданатын ауыл шаруашылық өнімдері жайлы ұсыныс беру туралы құқық беріледі;
12)    Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігіне және әкіміне облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің жобасын қарастыруға ұсынады.
3. Басқарманың мүлкі
13.    Басқарма жекеленген мүлікті тікелей басқаруға құқылы.
14.    Басқарманың мүлкін негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттар және басқа да құны Басқарманың дербес балансында көрсетілген тауар-материалдық құндылықтар құрайды. Мүлік Басқармаға жедел басқару құқығында жатады. Басқарма осы мүлікке ие болу, пайдалану және басқару құқығын мүліктің меншік иесінің рұқсатымен ғана жүзеге асырады.
15.    Басқарма мүлкі төмендегілердің есебінен қалыптасады:
1)    меншік иесімен берілген мүлік;
2)    заңмен тыйым салынбаған басқа дереккөздерден.
Мүліктің құрамына оның қызметіне арналған мүліктің барлық түрлері, оның ішінде ғимараттар, жабдықтар, транспорт, құралдар, жер бөлігіне құқығы тағы басқалар кіреді.
16.    Басқарма меншік иесінің рұқсатынсыз алып-сату, алмастыру, сыйлау шарттары және басқа да мүлік келісімінің негізінде, негізгі қорларға жататын мүлікті иесіздендіруге және банктік несиелерді пайдалануға құқықты емес.
                         
4. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
17.    Басқарманы бастық басқарады. Бастық қызметке облыс әкімі аппаратының басшысы мен бағыттаушы орынбасарының ұсынысы бойынша тағайындалып, босатылады. Бастықтың орынбасарлары облыс әкімі аппаратының басшысымен және жетекшілік ететін орынбасарымен келісіліп, Басқарма бастығымен тағайындалады.   
Басқарма бастығы жұмысына басшылық жасайды және Басқармаға жүктелген міндеттердің, облыс әкімінің, облыс әкімі аппаратының басшысы мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасары тапсырмаларының орындалуына жауапты.
18.    Басқарма бастығы:
1)    өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, нұсқаулар шығарады және Басқарма бөлімдерімен орындалуға міндетті нұсқаулар береді, келісім-шарттарды жасайды;
2)    құрылымдық бөлімдер туралы Ережені бекітеді;
3)    өзінің орынбасарларының, құрылымдық бөлімдердің міндеттері
мен өкілеттілігін анықтайды;
4)    аппарат жұмыскерлерін жұмысқа алу және жұмыстан шығару жайлы сұрақтарын шешеді, олардың міндеттерін бекітеді;
5)    заңмен белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
6)    қолданыстағы заңдарға сәйкес барлық ұйымдарда және органдарда  Басқарманың өкілі болып табылады;
7)    құжаттардың орындалуына бақылау жасайды;
8)    өз міндетінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарының орындалуын қаматамасыз етеді,
9)    орынбасарларының, құрылымдық бөлімдер бастығының, Басқарманың басқа бағыттағы қызметіне жауапты мамандардың жауапкершілік деңгейін анықтайды;
10)    қолданыстағы зандарға сәйкес басқа құқықтары бар.
19.    Басқарма бастығы басшылығымен (алқаның төрағасы), құрамында орынбасарлары мен мамандары бар консультативтік-кеңестік орган ретінде алқа қалыптастырады. Алқаның шешімдері бастық бұйрығымен ресімделеді. Алқаның жеке құрамы және регламенті Басқарма бастығымен бекітіледі.
5. Еңбек және оның ақысын төлеу
20.    Әкімшілік пен Басқарманың қызметкерлері арасындағы еңбек қатынастары қолданыстағы заңнамамен регламенттеледі.
21.    Басқарма қызметкерлерінің еңбекақы қоры қолданыстағы заңнамамен анықталады.
22.    Жұмыс тәртібі еңбек заңнамасында қарастырылған кепілдікті есепке ала отырып белгіленеді.
6. Есепке алу және есеп беру
23.    Қаржылық-шаруашылық қызметін талдау үшін Басқарма есеп қызметін жүзеге асырады, заңмен белгіленген тәртіппен бухгалтерлік және статистикалық есеп беруді жүргізеді.
24.    Басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау өкілеттендірілген органдармен жүзеге асырылады.
7. Агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық қамтамасыз ету,
 халықаралық ынтымақтастық
25.    Басқарма халықаралық ынтымақтастықты, инвестициялық қызметті, агроөнеркәсіптік кешенін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, заңмен белгіленген тәртіппен нарық инфрақұрылымдарын жасауға көмек көрсетеді.
8. Басқарманы қайта ұйымдастыру мен тарату
26.    Басқарманы қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
«Қарағанды облысының
ауыл шаруашылығы баскармасы»
ММ бастығы                                                                                     Ш. Мамалинов
 


...
19.01.2018
Жоба бойынша дайындалған жұмыстармен танысты
Қаңтар айының он жетінші жұлдызында орта жалпы білім беретін №6 мектепте «IT – білім беру және ақпараттық қауіпсіздік технологиясы» атты Әрі қарай оқу