Бөлім туралы
Жаңалықтар
Мемлекеттік сатып алулар
Қазақстан Республикасы
Бөлім жұмысының есебі
Нормативтік құқықтық актілер
Қатынас
Сайт картасы
Сурет галереясы
Мемлекеттік қызметкердің имиджі
Тұрғындармен жұмыс істеу
Кадрлық қамтамасыз ету
Жем қоррлыққа қарсы күрес
Өзіңнен баста

 


 
Подписка на рассылку новостей
 
 
 

ГлавнаяБөлім туралыАлқа отырысы

Алқа отырысы




Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы
басқармасы алқасының
ҚАУЛЫСЫ
Қарағанды қ.                                        № 4                           2010 жылғы 14 қазан

Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Т.М. Мәжитовтің «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығының 2010 жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2010 жылдың ІV тоқсанына міндеттер туралы» ақпаратын тыңдай келе, алқа ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қала әкімдеріне:
1.    2010 жылдың 1 желтоқсанына дейін  азық-түлік қорын (тұрақтандыру қоры)  құруды аяқтап,  ауыл шаруашылығы басқармасына  қол қойылған  меморандумдар мен келісім шарттардың  көшірмелері тапсырылсын.
2. Көкеністерді сақтайтын қоймаларды қажеттілікке сәйкес, қоймалардың салынуы мен реконструкция жасау жұмыстары жандандырылып және  жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпаратты әр аптаның бейсенбісі күні ауыл шаруашылығы басқармасына жолдансын.
Қалалар мен аудан әкімдеріне:
1. Қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімінің сапасын арттыру мен бәсекеге сай болуын, сонымен қатар өндіріс орындарын кеңейту және жабдықтарды жаңғырту арқылы азық-түлік өнімнің көлемдері ұлғайтылсын;
2. Ұн мен 1 сұрыпты нанның қайта өңдеу кәсіпорындарынан сатып алынған көлемі мен бағасы туралы ақпаратты апта сайын хабарлансын.
3. Ауыл шаруашылық өнеркәсіп кешендер кәсіпорындарымен халықаралық сапа менеджменті жүйесін енгізу мен түсіндіру жұмыстары жалғастырылсын;
4. Ветеринария саласында жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) бөлімшелерінің ветеринария мамандарымен қамту жұмысы жалғастырылсын;
5. Ветеринария саласында жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін ұстауға арналған қаржының игерілуі қамтылсын;
6. Әр ауылдық округ ветеринария маманы қажетті мөр және мөртаңбамен қамтамасыз етілсін;
7. Эпизоотияға қарсы іс-шаралардың жоспарын уақтылы, әрі сапалы орындалысын және осы шараларды өткізуге қаралған қаржы уақытында игерілуі қамтамасыз етілсін;
8. Эпизоотияға қарсы іс-шаралардың жоспарын уақтылы, әрі сапалы орындалысын және осы шараларды өткізуге қаралған қаржы уақытында игерілуі қамтамасыз етілсін;
9. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді  ұйымдастыру  жұмысы  жалғастырылсын;
10. Әр елді мекенде мал сою объектілерін салу жұмысы ұйымдастырылсын;
11. Мал қорымдарын салуға және жұмыс атқару үшін қажетті қаржы бөліну жұмысы ұйымдастылсын;
12. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстап, құрту жұмыстары ұйымдастырылсын;
13. ҚР «Сауда қызметін реттеу» заңының 9 тармағына сәйкес үстеме бағаның шектелуі бойынша апта сайын ауыл шаруашылығы басқармасына екі жақты  келісім шарттың орындалуы туралы ақпарат жолдансын (бейсенбі сайын);
    14. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындары құрылымдарын  «Ауыл Береке-2010» жәрмеңкесіне қатысуы қамтылсын;
15. Әлеуметтік  маңызды азық-түліктердің (ұн, бірінші сортты нан, ет-сүт тағамдары және көкеністер) бағаларын қадағалап, күнделікті мониторинг жүргізілуі бақылауға алынсын;
    16. Ауыл шаруашылығының приоритетті салаларына жаңа өндіріс орындарын ашу туралы инвестициялық жобаларды жандандыру жұмыстары жүргізілсін.
Аудан әкімдеріне:
1.    2011 жылдың 1 қантарына дейін селолық округтерге және ауыл шаруа қожалықтарына 2011 жылдың ауыл шаруашылық дәнді дақылдарының егу бойынша жоспар-тапсырмасы жеткізілсін;
2.    2011 жылға қажетті дәнді-дақылдардың тұқым қорын жеткілікті көлемде қамтамасыз ету бойынша шара қолданылсын;
3.    Ауыл шарушылық құрылымдарына тұбірлі жақсартылған жер алқаптарын егістікке аудару бойынша ықпал жасалсын;
4.    Әрбір селолық округте ауылдық тұтыну кооперативтерін (АТК) ашуға кіші шаруа қожалықтарын біріктіріп ірілендіру жұмыстары  жалғастырылсын;
5.    «ҚазАгроҚаржы» АҚ мен «Агро-Консалтинг-К»АҚ-дан лизинг арқылы ауыл шаруашылық техникаларын және технологиялық жабдықтарын алуға шаруа қожалықтарының өтінімдері мен қажетті құжаттарын белгіленген уақытта тапсыруға жұмысты ұйымдастырылсын;
6.    Ет және сүт бағытыныдағы ірі қара малды өсірумен айналысатын және асыл тұқымды малдардың үлес салмағындағы асыл тұқымды шаруашылықтар құрылсын;

Алқа төрағасы,
Ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы                                                                 Н. Омарханов
 


...