Бөлім туралы
Жаңалықтар
Мемлекеттік сатып алулар
Қазақстан Республикасы
Бөлім жұмысының есебі
Нормативтік құқықтық актілер
Қатынас
Сайт картасы
Сурет галереясы
Мемлекеттік қызметкердің имиджі
Тұрғындармен жұмыс істеу
Кадрлық қамтамасыз ету
Жем қоррлыққа қарсы күрес
Өзіңнен баста

 


 
Подписка на рассылку новостей
 
 
 

ГлавнаяНовости

Новости



Бес бастама – әлеуметтік серпіліс  5 июня 2018 года

31 мамырда Саран қаласының мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында архив қызметкерлері аталған Үндеуде қамтылған әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту және елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру мәселелерін талқылап, бір-бірімен пікір алмасты.
Дөңгелек үстелді қалалық мемлекеттік архивтің директоры А. Құлжанбеков ашып, жүргізіп отырды.
Қалалық мемлекеттік архивтің бас бухгалтері Г. Киикова баяндама оқып, үндеудегі бес әлеуметтік бастаманы архив ұжымына түсіндіріп өтті.
Тұрғын үйге қолжетімділік деген дер кезінде қабылданған өте тамаша шешім. Осы орайда «7-20-25» бағдарламасы ипотекалық несиенің жылдық мөлшерін 7 пайыздан асырмайтын талап қойғаны барша жұртшылықты қуантқанын" айтты.
Екінші бастама бойынша Г. Киикова жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту оларды салық ауыртпалығын оңтайландыруды ынталандыратындығын атап өтті.
Үшінші бастама бойынша айта келе, қазіргі таңдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті екендігін жеткізді. Білім беру қызметінің сапасын арттырудың ажырамас бөлігі студенттерді орналастыру үшін сапалы инфрақұрылым қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты, студенттер жатақханасын салу бастамасын қабылдаудың толғағы жеткен мәселе екендігін атап өтті.
Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту». Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екенін атап өтті.
Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру». Орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр. Бұл 2,7 миллион адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, экология жақсарады. Бұл жобаны жүзеге асыру әрі қарай өзге өңірлерді де газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
Қорытындылай келе, дөңгелек үстелдің қатысушылары Мемлекет басшысының бес жаңа әлеуметтік бастамасы әрбір қазақстандық отбасы үшін маңызы бар және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған көптеген іргелі құндылықтарды қамтитынын атап өтті.
Ел Президентінің Жолдауы біздің еліміз үшін, сондай-ақ ел үшін дамудың жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін анықтайды. Президенттің басшылығымен олар табысты іске асырылатынына күмән жоқ.


  Вернуться к новостям



...